Ресей туристері Астананы ТМД-дағы ең қымбат қала деп атады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейлік туристер Қазақстан астанасын ТМД бойынша ең қымбат қала деп атады. Бұл туралы Oktogo.ru. қонқүйлерді онлайн-брондау қызметіне сілтеме жасап Ресейдегі меншікті тілшіміз хабарлады.

Рейтинг ресейліктердің 2013 жылғы ТМД елдеріндегі қонақүйлерді брондау туралы мәліметтерінің негізінде жасалған. Бұрынғы КСРО кеңістігіндегі ең танымал қала ретінде Украинаның астанасы Киев аталды. Танымал қалалардың үштігіне сонымен бірге Минск пен Одесса да енген. Одан кейінгі орындарда Кишенев, Алматы, Баку, Львов, Астана, Ереван және Ташкент. Зерттеу мәліметтері бойынша, Қазақстан астанасында ресейліктер қонақүйде тұру үшін орташа есеппен тәулігіне 6,3 мың рубль (190 доллар), ал Молдавия астанасында тәулігіне 2,7 мың рубль (82 доллар) жұмсаған.