Ресей ТЖМ Сирия аумағынан ТМД-ның жүзден астам азаматын шығарды, олардың арасында 4 қазақстандық бар

None
ӘБУ-ДАБИ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігі Сириядан кету шешімін қабылдаған ТМД-ның жүзден астам азаматын қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастырды.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне ТЖМ-нің ресми өкілі Ирина Россиус хабарлады.

«Сейсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:40-та Ил-62 ұшағы Латакия әуежайынан ұшып шықты, оның бортында 103 адам, соның ішінде 39 бала болды», - деді И.Россиус.

Ресей ТЖМ-нің өкілі ұшақтағы адамдардың арасында 76 ресейлік азамат, Украинаның он азаматы, Беларусьтың алты азаматы, Қазақстан Республикасының төрт азаматы, Молдованың алты азаматы және бір өзбекстандық азамат бар екендігін нақтылады. Әуе кемесі Мәскеудің Домодедово әуежайына қонды.