Ресей үкіметі рубльдің құлдырауы жөніндегі жоспарларының жоқтығын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет рубльдің құлдырау мүмкіндігін қарастырмайды, деп хабарлады РФ премьер-министрінің баспасөз хатшысы Наталья Тимаковаға сілтеме жасап.

«Мұндай жоспарлардың болуы мүмкін емес, өйткені рубль мен өзге валюталар арасындағы бағамдық байланысы сұраныс және ұсыныспен анықталады. Рубльдің бағамы мұнай бағасына байланысты белгіленеді», - деп атап өтті ол.

Ресейдің министрлер кабинеті мен орталық банкі бюджет тапшылығы мәселесін рубль бағамының бейресми таргеттелуінің есебінен шешуі мүмкін, бұл туралы кеше Reuters агенттігі үкіметтегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік деректері бойынша, үкімет көпшілік алдында бюджет мәселесін шешуге бағытталған рубль бағамы бойынша белгілі бір бағытты белгілеуді көздеп отырған жоқ.