Ресей үкіметі тағы бір әлеуметтік желі құрмақшы

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Ресей Үкіметі 2012 жылдың маусым айының соңына дейін қолданыста бар «Россиябездураков.рф» порталының базасында  қарапайым азаматтарға өз аккаунты мен қоғамдастығын құруға мүмкіндік беретін

жеке әлеуметтік желісін құруды жоспарлауда. Бұл туралы РБК  сайтына сілтеме жасап, Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жаңа әлеуметтік желі қолданушыларға  «ВКонтакте» желісіндегі сияқты топтар құруға мүмкіндік береді, онда азаматтар түрлі әлеуметтік мәселелерді ортаға салып, оларды шешу бойынша тәжірибелермен алмаспақшы. Желі пайдаланушылары кез келген контентті, соның ішінде мәтіндер, фотосуреттер, аудио- және бейнематериалдарды енгізе алатын болады.

Әлеуметтік желі құрастырушылары барлығына ыңғайлы интерфейс жасауды жоспарлауда, тіпті ғаламторды жаңа пайдаланушыларға да аталмыш желі  түсінікті болады деп күтілуде.  Кремльде  жобаны жеке инвесторлардың қаржыландырып жатқандығын мәлімдеді. Алайда оның бюджеті туралы ақпарат берілген жоқ.

Сарапшылар өз кезектерінде жаңа жобаның тиімділігіне күмән келтіруде. Олар «ресейлік билік қолданыста бар әлеуметтік желілерді қаржыландыруы қажет еді, өйткені Facebook  немесе  «ВКонтакте» желілерінен жақсы жобаны Үкімет те ойлап таба алмайды» деп есептейді.