Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы кездегі бар келісім кәмелеттік жасқа толмаған жетім балаларды іздеп, қайтару, сонымен бірге арнайы мекемелерді тұратын балаларды асырап-күту мен тасымалдау бойынша құзырлы органдардың әрекеттестік тәртібін анықтайды. Алайда бұл келісімнің әрекеттестік мерзімі 2014 жылдың 10 маусымында аяқталады.
«Сонымен бірге, Ресей Федерациясы ТМД-ға мүше басқа мемлекеттердің аталған мәселелер бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда қызығушылығын ескере отырып, көрсетілген Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс таныстырылды. Ол осы залықаралық құжаттың одан арғы мерзімсіз әрекетін қарастырады» делінген хабарламада.