Ресей Үкіметінің басшысынан коронавирус анықталды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин өзінен коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Коронавирусқа тапсырған тест менің науқас екенімді көрсеткені жаңа ғана мәлім болды», - деді ол РФ Президенті Владимир Путинмен видеобайланыс барысында.

Министрлер кабинеті басшысының міндетін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов атқаратын болды.