Ресей-Украин келіссөзі 14 наурызда видео форматта өтеді

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей-Украин арасындағы келіссөздің келесі кезеңі 14 наурызда видео байланыс форматында жалғасады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, бұған дейін екі ел арасында келіссөздің үш кезеңі өтті. Атысты тоқтату бойынша келіссөздер әзірге нәтижесіз екенін хабарланды.

Тек РФ Президентінің көмекшісі Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединскийдің айтуынша, Украина тарапымен болған келісссөздердің екінші раундының нәтижесі бойынша гуманитарлық дәліз құру туралы келісім жасалды.