Ресей Украина дағдарысын реттеуді талқылауға дайын - Шойгу

Фото: Фото: Михаил Терещенко/ТАСС

Ресей Украина дағдарысын жанжалдан кейін реттеу бойынша пікір алмасуға және әрі қарай Батыспен қатар өмір сүруге дайын, деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қажетті жағдай жасалса Украина дағдарысын жанжалдан кейін реттеуге және әрі қарай Батыспен бірлесе өмір сүру жайлы саяси пікірталасқа дайынбыз», - деді ол X Сяншань қауіпсіздік форумында сөйлеген сөзінде.

Шойгу «бейбітшілік пен жаһан тұрақтылығын сақтауда ерекше жауапкершілік жүктелген ядролық алыптар – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен тең қарым-қатынасты қамтамасыз ету маңызды екенін» атап өтті.

«Әділ, көпполярлы бейбіт тәртіп орнату үшін халықаралық қауіпсіздік құрылымын жаңартып, оны берік ету қажет. Ол үшін мүдделес елдер күш біріктіруі керек», - деп атап өтті министр.

Х Сяншань қауіпсіздік форумы 29 қазанда ашылды, 31 қазанға дейін созылады.