«Ресей делегациясы келіссөздердің жаңа раунды өтетін жерге сәрсенбі күні түстен кейін болады. Олар сол уақытта Украина өкілдерімен кездесуге дайын болады», деді журналистерге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Сондай-ақ ол ресейлік тарап кешке келіссөздерді жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.
Әзірге келіссөз өтуге қатысты украиндық тараптан ресми ақпарат болған жоқ.