08:40, 08 Маусым 2009
Ресей, Украина және Қазақстанда 13 миллиондай гектар жер астық үшін қайта пайдаланылуы мүмкін
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Еуропалық Қайта құру және даму банкінің бастамашылығымен ұйымдастырылған Санкт-Петербордағы басқосуда астық нарығының жетекші ойыншылары бұрынғы Кеңес Одағының елдерінің үкіметтеріне үндеу тастап,
орнықты ұзақмерзімдік саясат орнату және қаржы тарту үшін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мүмкіндіктерін беру арқылы аймақтың орасан зор ауыл шаруашылық әлеуетін игеру үшін қажетті жеке инвестицияларды ынталандыруға шақырды. Бұл туралы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің хабарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дүниежүзілік астық форумына қатысушылар, әлемдік азық-түлік қорларын арттыру үшін - Ресей, Украина, Қазақстан елдері мен ТМД-ның басқа да елдеріне өз әлеуеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау керектігі туралы ортақ пікірге келді. Еуропалық Қайта құру және даму банкі мен БҰҰ-ның Ауыл шаруашылық ұйымының пікірінше, қоршаған ортаға ешқандай да зиян келтірместен, астық өндіру үшін Ресей, Украина және Қазақстан елдерінде, ең аз дегенде, 13 миллион гектар ауыл шаруашылығы алқабы қайта пайдаланыла алады. Ол алқаптардың 6 миллион гектары Ресейде орналасқан. Ол ел әлем бойынша астық өндіруден - бесінші, астық экспорт бойынша - үшінші орында тұр. Форум аясында қатысушылар сондай-ақ ішкі әлеуеттерді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылап, осынау үдеріске тартылған жеке сектор инвестициясын арттырудың арқасында да оның мүмкін екендігіне келісті.