Ресей валютасының құны долларға шаққанда 70 рубльге дейін құлдырауы мүмкін - сарапшылар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Bloomberg сауалнама жүргізіп, 35 сарапшыдан жауап алды. Олардың болжамы бойынша жыл ортасына қарай ресейлік рубль 8 пайызға құнсызданып, 1 доллардың бағасы 70 рубль болуы мүмкін, деп хабарлады РБК.

«Мұнай нарығының раллиі қысқамерзімді перспективада орнықты болатынына аса сенімді емеспіз, ал рубльдің нығаюы көбінесе мұнай баға белгіленімі өсімінің жаңаруына байланысты», - деді UBS Group AG дамушы нарықтардағы инвестиция жөніндегі директор Хорхе Марискаль.

Марискаль банк рубльдің нығаймайтынын екі апта бұрын сезді. UBS үш айдан кейін доллар бағамы 73 рубль құрайтын болады деп болжайды.