Баспасөз қызметінің хабарлауынша, даярлық жұмыстарын жүргізу үшін ұшыру кешеніне ұтқыр қызмет көрсету мұнарасы жеткізілді. Алғашқы ұшыру күнінің кестесі бойынша жұмыстар басталды. Зымыран-тасығыштың жүйелерімен және «Волга» шығару блогымен тексеру және сынақ жұмыстары жоспарланған.
«Союз-2.1а» зымыран-тасығышы мен «Ломоносов», «Аист-2Д» және SamSat-218 («СамСат-218») ғарыш аппараттарын Амур облысындағы Восточный бірінші азаматтық ғарыш айлағынан ұшыру 2016 жылғы 27 сәуірге мәскеу уақытымен сағат 05:01-ге жоспарланған.