«Өткен аптада орын алған DDoS-шабуылдар қуатты, үйлестірілген, тек әр елде жүргізілген, бірақ барлығы бір орыннан үйлестірілген. Мұның барлығы анықталды. Құжатталды. Бұл қай елден жасалғаны бізге белгілі.
Біз барлық құжаттарды құқық қорғау органдарына жібердік. Одан әрі әрекет мемлекеттік билігінің шешіміне байланысты. Өйткені бұл мемлекетаралық қатынасқа қатысты, - деген Хасистің сөзін келтірді РИА Новости. Банк өкілі шабуыл жасаушылар тек АҚШ және Қазақстаннан емес екенін ғана айтып, нақты қай елдерден екенін айтпады.
Еске салсақ, топ-10-дықтағы бес ресейлік банкке DDoS-шабуыл жасалды. Жинақ банкі басшысы Герман Греф шабуыл бұдан бұрынғыларға қарағанда, мың есе қутты болғанын хабарлаған.