Ресейді әбігерге салған дрондар Қазақстан аумағынан ұшырылды ма – СІМ жауабы

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейді әбігерге салған пилотсыз ұшатын аппараттар Қазақстан аумағынан ұшырылды дегенге саятын алып-қашпа әңгімелерге жауап берді.

– Қазақстан аумағынан Ресейге қарай пилотсыз ұшатын аппараттар жіберіліп жатқаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды, - деді ол кезекті брифингіде.

Айбек Смадияров мұндай оқиғалардың бәрі құзыретті органдардың жіті бақылауында екенін еске салды.

– Бұл жерде техникалық сипаттағы мәселелер бойынша Қорғаныс министрлігіне жүгіну керек, - деді СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.