– Қазақстан аумағынан Ресейге қарай пилотсыз ұшатын аппараттар жіберіліп жатқаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды, - деді ол кезекті брифингіде.
Айбек Смадияров мұндай оқиғалардың бәрі құзыретті органдардың жіті бақылауында екенін еске салды.
– Бұл жерде техникалық сипаттағы мәселелер бойынша Қорғаныс министрлігіне жүгіну керек, - деді СІМ ресми өкілі.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.