Құжат мәтіні бүгін "Российская газетаға" жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Шығыс Сiбiрдің 22 кен орнында, Солтүстiк Каспийдің 2 кен орнында мұнайға баж салығы 1 ақпаннан бастап тоннасына 137,6 долларға дейін көтеріледі, бұл 2011 жылдың қаңтар айында 117,5 доллар көлемінде тұрақтап отыр.
Ашық мұнай өнімдеріне экспортты баж салығы 1 ақпаннан бастап тоннасына 226,2 доллардан 232,2 долларға дейін, ал қара мұнай өнімдеріне тоннасына 121,9 доллардан 161,8 долларға дейін өседі.