Алдыңғы жағдайлардағыдай, Кремль губернатор Виктор Назаровтың «өз еркімен» қызметінен кеткенін хабарлады. Бұл соңғы екі аптадағы тоғызыншы губернатордың қызметінен кетуі. Ең алғашқы болып «өз еркімен» Самар облысының басшысы Николай Меркушкин кетті.
Бұған дейін сарапшылар губернаторлардың отставкаға кету науқанын 2018 жылы болатын президент сайлауына дайындықпен байланыстырған болатын.