Ресейде 2018 жылғы президент сайлауына 111,5 млн бюллетень шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде 2018 жылдың наурызында өтетін президент сайлауында 111,425 млн сайлау бюллетені шығарылады, ал шетелде тұратын ресейліктерге арнап 1,9 млн бюллетень басылады.

Сәйкес қаулы Ресей Орталық сайлау комиссиясының сәрсенбіде өткен отырысында қабылданды, деп хабарлайды ТАСС.

Қаулыда айтылғандай, шалғайдағы елді мекендерде мерзімінен бұрын дауыс беруге, сондай-ақ шетелдегі ресейліктерге арналған бюллетеньдер 2018 жылдың 25 ақпанына дейін, қалған бөлігі 7 наурызға дейін басып шығарылуы тиіс.

РФ Ортсайлауком төрағасының орынбасары Николай Булаев бюллетеньдерді басып шығарудың тиімді бағасын анықтау үшін ОСК арнайы мониторинг жүргізетінін мәлімдеді.