Ресейде 22 қабатты үйдің барлық баспалдақтары опырылып, бір адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Нижний Новгород қаласындағы салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің 22-ден 1-ші қабатқа дейінгі аралықтағы барлық баспалдақтары опырылып түсіп, бір жұмысшының өмірін қиды. Қайғылы оқиға қаланың Ленин ауданындағы «Июльские дни» көшесінде салынып жатқан «Жюль Верн» тұрғын үй кешені құрамына енетін 22 қабатты ғимаратта болды, деп хабарлады ресейлік БАҚ.

«Үйдің учаскелерінің бірінде 22-қабаттан бастап бірінші қабатқа дейін барлық баспалдақтар опырылып құлады, астында бір жұмыскер қалып қойды. ТЖ орнына құтқару қызметтері келіп жетті, оқиға орнын полиция қоршауға алды. ТЖМ-ның қызметкерлері астында адам қалып қойған үйінділерді ашуға кірісті», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары болған оқиғаның себептерін анықтауда.