Ресейде 30 өңірдің басшысын сайлайды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейде өңір басшыларын сайлау жөніндегі Бірыңғай дауыс беру өтуде. Сайлау Ресейдің 85 өңірінің 30-ында өтуде. Бір ғана аймақ - Ингушетияда сайлау өткізілмейді.

30 өңірде губернаторлар, ал 14-інде- заң шығару жиналыстарының депутаттары сайланады. Сонымен бірге қалалар мэрлері мен муниципальдық депутаттар сайлауы өтуде.

Дауыс беру мәскеу уақытымен сағат 08.00-де басталып, 20.00-де аяқталады. Сағат белдеуінің айырмашылықтарына байланысты Ресейде дауыс беру 21 сағатқа созылады. Алғашқы сайлау учаскелері мәскеу уақытымен 08.00-де Магадан облысында, Камчаткада, сондай-ақ Чукоткада ашылды. Соңғы учаскелер мәскеу уақытымен 21.00-де Калининград облысында жабылады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар 50 миллионнан астам азамат қатысуда, 111 мыңнан астам үміткер тіркелген, 63 саяси ұйымдар қатысуда.

Мәскеуде 18 партия ұсынған алтыншы шақырылған Мәскеу қалалық думасының депутаттығына үміткерлер үшін дауыс беру өтуде. Мәскеу парламенті бес жылға сайланады. Барлық депутаттар бір мандатты мажоритарлық округтерден сайланады.

Дауыс беруді 3610 сайлау учаскесі, оның ішінде 3414-і - сайлаушылардың тұрғылықты жерлері бойынша, 196-сында - олардың уақытша болу орындарында (емдеу мекемелерінде, тергеу абақтыларында) жүргізілуде. Сайлау учаскелерінде ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін бейнекамералар қойылған, оларды Мәскеу қалалық думасына сайлауды бақылайтын волонтерлер қадағалауда.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин астана тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз үміткерлеріне дауыс беруге шақырды.