Ресейде 48 сарбаздың мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Тверь облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан 48 сарбаздың денесі табылды, деп хабарлайды rusnovosti.ru.

Сарбаздар Тверь облысы Борки аулының маңында өлтірілген, дейді «Ратник» іздеу бірлестігінің жетекшісі. «Біз қазір Тверь облысы Зубцов ауданында экспедиция жүргізудеміз. Сол жердің тұрғыны кездейсоқ келіп, бізге Борки ауылының маңында атып өлтірілген сарбаздар туралы деректерді тексеріп беруді өтінді. Тексерсу барысында 48 сарбаз анықталды. Қазір эксгумация жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.