Министр 2025 жылдың қорытынды көрсеткіштері әлі де есептеліп жатқанын атап өтті. Сарапшылардың алдын ала бағалауынша, өткен жылы Ресейде шамамен 485 тонна алтын, 2,8 мың тонна күміс және 136 тонна платина тобының металдары өндірілген.
Болжам бойынша, 2026 жылы Ресейде алтын өндіру көлемі 480–500 тоннаға, күміс өндіру шамамен 3 мың тоннаға, ал платина тобының металдарын өндіру 137 тоннаға жетеді.
Осы мәліметтерге сүйенсек, алтын өндіру көлемі шамамен 3%-ға, күміс өндіру 7%-ға жуық, ал платина тобының металдарын өндіру шамамен 0,75%-ға артады деп күтілуде.
Бұған дейін Қазақстанда күрделі кендерден алтын алудың инновациялық технологиясы әзірленгені туралы жазған болатынбыз.