Бұл туралы жексенбі күні федеральдық Авиаорманқорғау баспасөз қызметі орман шаруашылығы өңіраралық ақпараттық диспетчерлік қызметіне сілтеме жасап хабарлаған.
" Мәскеу уақытымен 00:00-де Ресей аумағында 66441 гектар жерді шарпыған 73 орман өрті тіркелді. Ал 12 мамырда өрт сөндірушілердің күшімен 12672 гектар жердегі 153 өрт сөндірілді»,- делінген хабарламада.
Аса күшті өрт Амур облысында тіркелген. Сенбі күнгі таңертеңгілік мәліметке қарағанда, жалын 38,5 гектар орманды шарпыған. Сондай-, Забайкалье, Красноярс және Хабаровск өлкелерінде де тілсіз жаудың бетін қайтару оңайға соқпай отыр.
Забайкалье мен Амур облысының территориясында төтенше жағдай енгізілді.