Тәртіп сақшылары екі күннің ішінде 22 қылмыскерді ұстаған, соның ішінде жетеуі көрші елдер – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда іздеуде болған.
Із-түссіз жоғалған 9 адамның жүрген жері анықталды.
Ресейдің Орынбор облысында адам ұрлағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы қазақстандық азамат Нұр-Сұлтаннан ұсталған.
Ұсталған кезде ер адам жасалған қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан.
Алайда Ресейдегі әріптестерімен байланысқа шыққан қазақстандық тәртіп сақшылары олардан айғақ құжаттар алып, ер адамды қамауға алды.