Ресейде Airbus ұшағы апатты жағдайда қонды

Фото: None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – «Урал әуе жолдары» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ Симферопольға ұшып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жедел қызметтіңмәліметіне сәйкес, ұшақ Рыбаки деревнясына жақын маңдағы жазыққа қонған. Барлықжолаушылар эвакуацияланды. Экипаждың жеті мүшесін қосқанда ұшақтың бортында 234адам болған. Көлік прокуратурасының мәліметіне сәйкес, ұшақта 220 жолаушы, 6бала және 5 экипаж мүшесі болған.

Жедел қызмет өкілімәлім еткендей, ұшақтың қозғалтқышы өртенген, дегенмен өрт әуе бортынажетпеген.

Ұшақтың жаныпжатқан қозғалтқышы қонатын кезде түсіп қалған.

Медицина қызметініңөкіл ұшақ қонған сәтте он адам зардапшеккенін, олардың арасында бес бала болғанын мәлім етті.

Росавиацияныңақпаратына сәйкес, төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай,адамдардың басым көпшілігі жарақат алған. Оқиға орнында 20 жедел жәрдембригадасы және екі тікұшақ жұмыс жасауда.

Зардап шеккендертуралы ақпарат әлі анықталу үстінде.

Әуетасымалдаушысының бас директоры Сергей Скуратовтың айтуынша, ұшақтың екіқозғалтқышы жұмыс істемей қалған. Ұшаққа құстар соғылып, екі қозғалтқыш бірденістен шыққан.

Эвакуацияланғанадамдар қону орнынан 300 метрге алшақ әкетілді. Көлік прокуратурасы «Урал әуежолдары» ұшағымен болған жағдайды тексеруге кірісті. Лайнердің апаттық жағдайдақонуға мәжбүр болған орнына РФ Тергеу комитеті тобы аттанды. Оқиға себептерінанықтау үшін Жуковскийде арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар