Ресейде ақпараттық қауіпсіздікке талап күшейеді
00:53, 31 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин РФ-да рұқсат етілмеген сайттарды қарауға мүмкіндік беретін сервистерді пайдалануға (анонимайзер) тыйым салу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Аталған заң ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен ақпараттық ресурстардың иелерінің Ресейде қарауға тыйым салынған сайттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуіне тыйым салады.
Белгіленген талаптарға сәйкес, арнайы федералдық қауіпсіздік қызметі тыйым салынған ресурстардың қара тізімін жасап, жүйелі жұмысар жүргізбек.
Аталған заңда тыйым салынған ресурстарды құрықтаудың тетіктері егжей-тегжейлі жазылған.