Ресейде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Фото: freepik.com

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Алаяқтардың ресейліктерден банк карталарын немесе банктегі жеке кабинеттерін жалға беруін сұрап, жоғары сыйақы мен «құқықтық қауіпсіздікті» уәде ету оқиғалары жиіледі , деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі Ресей ІІМ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды заңсыз пайдаланумен күрес жөніндегі басқармасының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, алаяқтар сылтау ретінде криптовалютамен мәмілелерді немесе өзге де операцияларды айтуы мүмкін, алайда картаны қылмыстық жолмен алынған ақшаны бір реттік шешіп алу үшін пайдаланады.

Алайда, Ресей ІІМ бұл әрекетті дропперлік деп санайды. Атап айтқанда, өз төлем деректеріне үшінші тұлғаларға кез келген сылтаумен қол жеткізуге мүмкіндік беру қылмысқа қатысу болып саналатынын ескертеді.

Фото: t.me/cyberpolicе

Сондай-ақ, қауіпсіздік кепілдігі де жалған екенін айтады. Жеке кабинетіне қатысты деректерді берген азаматтар қаржылық шығынға ұшырап (шоттардың бұғатталуы), қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, Ресейде дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заң қабылданған.