Ресейдің Ұлттық несие тарихы бюросы мен Double Data ІТ-компаниясы іске қосқан Social Attributes арнайы сервисі әлеуметтік желіде қарыз алушылардың мінез-құлқын талдайды. Банктер мен шағын қаржы ұйымдары өз скорингтік үлгісінде осы сервисті пайдалана бастады.
Мас күйінде түскен фотосын жариялаушыға құжаттары дұрыс болғанына қарамастан, несие беруден бас тартылады. Шетелде бұл қалыпты жағдай, деп жазады ресейлік басылым.
Екінші жағынан қарыз алушының саяхат жасау барысында түскен суреттері кредит беру туралы оң шешімге ықпал ете алады.
Статистикаға сәйкес ресейлік қарыз алушылардың 60 пайызға жуығы әлеуметтік желіні пайдаланады. Бұл ретте жастар «ВКонтактені», ересектер «Одноклассники» желісін таңдайды. Бір қызығы, Фейсбук пайдаланушылары кредитті сирек алады екен.