Елде ислам негіздерін түсіндіретін және оқытатын телеарна ашу керектігі жөнінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев 2009 жылғы тамызда айтқан болатын. Телерадиохабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының президенті Эдуард Сагалаевтың пікірінше, мұндай телеарнаны іске қосу 1,5-4 миллион доллар тұрады, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
16:33, 13 Ақпан 2011
Ресейде алғашқы мұсылмандық телеарна жұмысын бастады
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ресейде алғашқы мұсылмандық телеарна тестілік режімде жұмысын бастады. Бұл туралы Мүфтилер кеңесі хабарлады.