Ресейде алтын «трампофон» шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - iPhone 7 смартфонының сыртында Дональд Трамп бейнеленген, деп хабарлайды korrespondent.net.

Смартфондарды люкс дәрежесінде қайта жаңғыртумен айналысатын Caviar компаниясы Дональд Трамптың АҚШ президенті болуына орай сыртында саясаткердің алтынмен әшекейленген бейнесі салынған iPhone 7 Supremo Trump Changeover смартфондарының партиясын шығарды, делінген компанияның сайтында.

Смартфон алтынмен қапталған. Сыртында Трамптың айтарлықтай үлкен етіп безендірілген бейнесі тұр. Сондай-ақ онда АҚШ-тың елтаңбасы мен Трампты жеңіске жеткізген «Make America Great Again» (АҚШ-ты қайтадан ұлы мемлекетке айналдырамыз) атты ұраны бар.

Смартфонның бағасы 197 000 рубльден басталады.

Фото: caviar-phone.ru сайтынан алынды.