«Барлық процессуалдық және тергеу әрекеттері аяқталды. Жолаушылар мен ұшақ қалдықтары түгелдей оқиға орнынан сараптама үшін жинап алынды»,-деді ол жұмыс тобының жиналысында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді. «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты. Ұшақта Қазақстанда туған азаматтар болған.