ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, 11-і ауруханаға түсті, деп мәлімдеді агенттікке өңір басшысы Александр Цыбульский.
«Ұшақтың бортында 13 адам болған, оның 11-і - жолаушылар, екеуі экипаж мүшелері. Екі адам қаза тауып, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Апат ұшақтың әуеге көтерілер алдында болған», - деді ол.