Ресейде арыстанның күшігі ойын алаңындағы баланы тістеп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимирской обласының орталығында жылжымалы зообақтың абданы (арыстанның күшігі) ұл балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Тергеушілердің хабарлауынша, 6 наурызда «Добросельский» саябағында жылжымалы зообақтың әйел қызметкері абданды далаға шығарып, ұзын баумен серуендетіп жүрген. Ол жыртқышпен балалар ойнайтын алаңға жақындаған, онда балалар және олардың ата-аналары болған. Қызметкер сол жерде абданды ойнатып отырған. Әрі оған жеткіншектер де қызығушылық танытқан. Әйел жыртқышты бақылай алмай қалып, ол кішкене ұл балаға тап берген.

Қазір құқық қорғаушылар осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.