Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Су-24 бомбалаушы ұшағы Амур облысындағы Украинка базасы аэродромында апатқа ұшырады.

Ресей Әскери-әуе күштерiнiң ресми өкiлi полковник Владимир Дрик РБК-ға хабарлағандай, ұшақ Воронежден Амур облысындағы авиа жөндеу зауытына ұшып шыққан. Мәскеу уақытымен 06:02-де Украинка аэродромына қонған бомбалаушыдан өрт шығып, аударылып кеткен.

Ұшақ экипажындағы ұшқыш пен штурман катапульттауға үлгермей, қаза тапты. Оқиға орнында жедел топ жұмыс iстеуде.

Алдын ала мәлiмет бойынша, ұшақтың шасси бағаны сынып кеткен.

Су-24 1975 жылдан қолданылып келеді, 1993 жылға дейін шығарылды. Әлі күнге дейін Ресей ӘӘК осы үлгідегі жүздеген машиналарды пайдаланады.