Ресейде әуе апаты: қаза тапқандар бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск өлкесінде бүгін жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағы табылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жөнінде түрлі ақпарат көздері әрқилы мәлімет таратуда.

Әуе апаты салдарынан алты адам көз жұмды, жетеуі тірі, деп хабарлайды РИА Новости өңірдің төтенше жағдайлар қызметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

«Осы сағаттағы мәлімет бойынша жеті адам тірі, сонымен қатар алты адамның мүрдесі табылды», - деді агенттікпен тілдескен қызметкер.

Ми-8 Полина Осипенко атындағы кенттен ұшып шығып, Онгачан көлінің маңына қонуы қажет болатын.

«ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, «тікұшақта 16 адам болған, 10-ы аман қалып, өздері жағаға шыққан. Қалған алтауы жөнінде нақты ақпарат жоқ». Апат жөнінде тікұшақ командирі хабарлап айтқан.