Шектеу салмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктеріне қолданылады. Тыйым салуға ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін өтелмеген берешектің, сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің жолдарға келтіретін зиянын өтеу төлемі бойынша қарыздың болуы негіз болады.
Тиісті өзгерістер Ресей Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 642 қаулысымен бекітіліп, 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Берешектің бар-жоғын мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде кеден органдарының қызметкерлері тексереді. Ақпарат Мемлекеттік және муниципалдық төлемдер жөніндегі мемлекеттік ақпараттық жүйеден (ГИС ГМП) ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимылдың бірыңғай жүйесі арқылы нақты уақыт режимінде алынады.
Өтелмеген берешек анықталған жағдайда кеден органдары көлік құралының әрі қарай жүруіне тыйым салады. Қарыз өтелгеннен кейін тиісті ақпарат жүйеде жаңартылып, тасымалдаушыға шекарадан өтуге мүмкіндік беріледі.
Жаңа ережелер Ресей аумағы арқылы жүзеге асырылатын халықаралық автомобиль тасымалдарының барлық түріне, оның ішінде елге кіретін, елден шығатын және транзиттік тасымалдарға қолданылады. Сондай-ақ Ресей аумағы арқылы өтетін үшінші елдер арасындағы бағыттар да қамтылады.
Бұл шара халықаралық жүк тасымалының барлық түріне, соның ішінде транзиттік бағыттарға да қатысты.
Бұған дейін Қазақстанға жүк көліктерінің импорты 6,5 есе өсіп, нарықта рекорд орнағаны хабарланған болатын.