Валерий Попенченко жүлдесіне мемориал-турнир кезінде ауыр жарақат алған 19 жастағы боксшы Владислав Щукин 10 күн жасанды комада болды. Жарыс алдында боксшы жан-жақты медициналық тексеруден өтіп, жарысқа рұсқат алған.
Мамандардың айтуынша, миындағы қанды ісік жарыстың бірінші күні не Магадандағы турнирге дейін болуы мүмкін. 16 мамырда омбылық боксшы ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Қаза болу себебі - ми жарақаты.
«Қазір өлімінің нақты себебі анықталу үстінде. Щукиннің әкесі Қазақстанда тұрады. Спортшы да сол жақта туған. Ресімдеуден өткен соң, оны еліне алып кетеді. Барлық шығынды Магадан облыстық бокс федерациясы көтереді», - деді Магадан бокс мектебінің директоры Петр Бурмистров.