Ресейде автобус жүргізушісі бала ұсынған ірі купюраны жыртып тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уссурийск қаласында қоғамдық көлікке қатысты дау шықты. 16 жасар оқушының жол жүру ақысына берген 5 мың рублін жүргізушісі алудан бас тартқан. Кейін ақшаны жыртып, бір жартысын өзіне қалдырып, екіншісін жасөспірімге берген, деп хабарлайды жергілікті басылым.

«Бұл ақшаны балаға ата-анасы жол жүруге және мектепте қосымша сабақтарға төлеуге берген еді. Оқушы жыртық купюраны банкке апарып ауыстырғысы келген, алайда қаржы мекемесі купюроның жартысы болмағандықтан қабылдамаған», деп жазады «Новая Кама» газеті.

Кейін баланың ата-анасы жүргізушіні іздеп тауып алды, бірақ ол ақшаның жарты бөлігін қайтарудан бас тартқан. Ол ақшаны беретін ұсағы болмаған соң жыртып тастағанын айтып ақталып, «егер ұсақ ақшаңыз болмаса, таксимен жүріңіздер» деп баланы айыптаған.

Аталмыш оқиғаны білген көлік компаниясы ата-анадан кешірім сұрап, істі қарауға уәде берді. Олар ата-анаға 4 980 рубль қайтарған, онда жол жүру ақысы алынып қойылған.

Қазір ресей полициясы істі тексеріп жатыр. Жүйкесі тозған жүргізушіге қатысты «Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдыру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Заң оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.