Ресейде балалар мінген автобус аударылды, 7 адам қаза болды

Фото: None
КАЛУГА. ҚазАқпарат - Ресейдің Калуга қаласында автобус аударылды. Жеті адам қаза болды, олардың төртеуі - балалар. Тағы 31 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін РФ Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, балаларды тасымалдап бара жатқан автобуста 48 адам болған, олардың 33-і - балалар.

Жол-көлік апаты Калуга облысы Бабынинск ауданының Извеково елдімекеніне жақын жердегі өңірлік маңызы бар трассада (37-інші шақырым) болды. Смоленсктен Калугаға бет алған көлік бір бүйіріне аударылған.

РФ Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша (Жол жүру және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.