Ресейде балалар мінген автобус жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде балалар мінген автобус жол жиегіне шығып кетті, нәтижесінде 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Интерфакс.

Петербордан шыққан автобус Псков қаласына қарай бет алған. Жол апаты сенбі күні сағат 23:30 шамасында орын алды. Зардап шеккен адамдардың арасында 34 бала, балаларды алып жүрген 5 ересек адам және автобус жүргізушісі бар. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Алдын ала түскен мәліметтер бойынша, балалар жеңіл жарақат алған. Қазір олардың жас шамасы анықталып жатыр.