Ресейде бензин тапшылығы қайта басталады - сарапшылар

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Мамандар мен нарыққа қатысушылардың болжауынша, Ресей бірнеше аптадан кейін-ақ бензин тапшылығына ұшырайды, деп хабарлайды РБК.

Қазіргі уақытта жанармай бағасы аптасына 4-10 тиынға қымбаттауда, бұл үрдіс бұдан кейін де жалғаса бермек, және ешкім оны ауыздықтай алмайды, деп есептейді «Кортес» орталығының дамыту және маркетинг жөніндегі директоры Павел Строков.

«Роснефтидің» болжамына қарағанда, Федеральдық монополияға қарсы қызметтің бензин бағасын арзандатуға күш салуы оның Ресей нарығындағы тапшылығына алып келуі мүмкін. Компанияның пікірінше, Евро-2 нормасына сәйкес бензин айналымының мерзімін ұзарту арқылы бұл қиындықтан шығуға болады", - деп жазады «РБК daily».

Дегенмен, П.Строков Евро-2 айналымының мерзімін ұзарту мәселені түбегейлі шешпейді: бензин тапшылығы жойылмайды деген пікірде. Ол тамыз айында бірнеше зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін еске салып өтті.