Тәулік ішінде Ресейде 2 186 адамның індет жұқтырғаны анықталды – бұл бір күн бұрынғымен салыстырғанда шамамен үштен бірге артық. Ал жалпы саны 15 770 құрады, яғни сенбімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16% өскен. Осы ауру салдарынан тағы 24 адам қайтыс болған. Жалпы алғанда пандемиядан көз жұмғандар 130-ға жетті. Тәулік ішінде ауруханадан шыққан адамдар саны 10 есе артты – 246. Жалпы індеттен жазылғандар -1 291, бұл жалпы ауруды жұқтырғандардың 8,2% құрайды.
Бір апта бұрын Ресейде коронавирусты жұқтырғандардың расталған саны 5 мыңнан асқан болса, ал соңғы жеті күн ішінде үш есе көбейді. Бұл ретте тәулік бойы өсім көрсеткіші осы аптада 20% асқан жоқ. Әзірге ресейлік мамандар көз жұмғандардың шартты деңгейін әлем бойынша орташа көрсеткіш 5%-6%-дан едәуір төмен дәрежеде ұстап отыр.