Ресейде 9 қазанда 12126 адамнан коронавирус анықталған. Бұл елде эпидемия басталғаннан кезеңдегі ең жоғар,ы көрсеткіш. Елде COVID-19 жұқтырған пациенттерге арналған бос төсек-орындар саны күн санап қысқарып жатыр.
Ресейдің Денсаулық министрлігі тұрғындарды демалыс күндері үйде болып, сақтық шараларын сақтауға шақыруда.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарға арналған төсек-орындардың 90%-ы бос емес екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.