Бір тәулік ішінде Мәскеуде коронавирус жұқтырған 5 452 жағдай тіркеліп, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 821 128-ге жеткен.
Бір күн бұрын Мәскеуде 5 907 адам ауру жұқтырған. Ауру жұқтырған жаңа жағдайлар 0,7%-ға өскен.
Коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 76-ға жетсе, бұл дерттен емделіп шыққандар саны бір тәулік ішінде 18 897-ге артқан.
Жалпы алғанда 2 599 035 адам емделген.
Ал Ресей бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 447-ге өсіп, жалпы саны 58 002 адам көз жұмған.