Штаб деректері бойынша, коронавирустен шартты өлім саны (нақты деректерді эпидемия біткеннен кейін ғана анықтауға болады) 2,47% болып отыр. Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 102, Иркутск және Нижнегород облыстарында 28, Краснодар аймағында 22, Ростов облысында 21 өлім тіркелді.
Ресейде бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 25 082-ге өсіп, 5 758 300-ге жетті. Салыстырмалы түрде жұқтырғандар саны 0,44%-ға өскен. Атап айтқанда, бір тәуліктің ішінде Мәскеу облысында 2 487, Санкт-Петербургте 1 978, Нижегород облысында 527, Воронеж облысында 423, Краснояр аймағында 401 адамнан инфекция анықталды.
Қазіргі кезде Ресейде коронавируспен 433 210 адам ауырып жатыр.