Ресейде бірқатар ірі сервиске қатысты ауқымды техникалық ақаулар тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы күндері Ресейде бірнеше маңызды қызмет пен компанияны қамтыған ауқымды техникалық ақаулар тіркеліп отыр, деп хабарлайды
Downdetector.Пайдаланушылар «Ресей поштасының» жұмысына байланысты қиындықтарға тап болды. Негізгі мәселе сайт пен онлайн сервистердің жұмысындағы ақауларға қатысты болған.
Кейінірек федералдық пошта операторы ресми түрде «Пошта» ресурстарының қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеп, «үрейге бой алдырмауға» шақырды.
Мәселелер туралы «Мемлекеттік қызметтер» порталының қолданушылары да хабарлады. Бұл платформа азаматтарға электронды түрде мемлекеттік және жергілікті қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Шағымдардың басым бөлігі Мәскеуде тіркелген. Ақаулардың жартысынан көбі портал сайтының жұмысымен байланысты болған.
Бұған дейін «Аэрофлот» компаниясы да жүйесінде техникалық ақау болғанын хабарлаған еді. Соның салдарынан жүздеген рейс кейінге қалдырылған немесе тоқтатылған.
Silent Crow атты хакерлік топ «Аэрофлотқа» ауқымды кибершабуыл жасағанын жариялап, шамамен 7000 физикалық және виртуалды сервердің жойылғанын мәлімдеді.
Алайда 30 шілде күні «Аэрофлот» әуе компаниясы ұшу кестесі толық тұрақтандырылғанын хабарлады.
Айта кетейік, 28 шілде күні таңертеңгі «Аэрофлот» IT-жүйесіне шабуыл Ресей азаматтық авиациясы тарихындағы ең ірі киберинциденттердің бірі ретінде бағаланвп отыр.
Осыдан бұрын SU1962/1963 «Мәскеу — Астана — Мәскеу» рейсі техникалық себептерге байланысты орындалмағаны хабарланды. Бұл мәселе ҚР Көлік министрлігінің ерекше бақылауына алынғаны белгілі болды.
Кеше TSARKA «Аэрофлот» желісіне бағытталған кибершабуылға қатысты мәлімдеме жасады.