«Ресейде COVID-19 эпидемиясын бақылау және алдын алу үшін Роспотребнадзор қысқа уақыт ішінде алты түрлі технологиялық платформаға негізделген вакцина прототипін жасап шығарды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, сарапшылар екпені кең пайдаланылатын тұмаудың рекомбинанттық вирус векторы негізінде жасаған.
«Жаңа екпені жасап шығару кезінде заманауи биологияда in vivo жүйесінде – сезімтал зертханалық жануарларға зерттеу жүргізу қажет», - деп түсіндірді Роспотребнадзор.