Ресейде дәрігердің салғырттығынан үш науқас қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Хабаровскінің жергілікті аурухана дәрігері абайсызда адам өлтірді деп айыпталды, деп жазады «РИА Новости».

Тергеу комитетінің хабарлауынша, 2013 және 2014 жылдары ауруханалардың бірінде үш науқас көз жұмып, тағы біреуі мүгедек болып қалды.

Ведомство жергілікті дәрігер арнайы сертификаты болмай тұрып рентгенэндоваскулярлық диагностика жасады және емдік шараларын тағайындады деп айып тағып отыр. Осыған байланысты, «Абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша қалмыстық іс қозғалды.

Шілде айында тергеу комитеті науқастарды емдеуде салғырттық танытты деген күдікпен бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізді.