Рубль бағамының түсуі мұнай құнының түсуі аясында орын алуда. Сәрсенбіде Brent маркалы мұнай баррелінің құны 47 доллардан төмендеп кетті. 20 тамызда таңертең құлдырау жалғасты, сөйтіп таңертеңгі жағдай бойынша барреліне 46,8 доллар болды. Мұнай құны АҚШ-та мұнай қоры бойынша деректерді жариялағаннан кейін күрт түсе бастады. АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының деректеріне сүйенсек, шикі мұнай қоры 14 тамызда аяқталған аптада 2,6 миллион баррельге өскен. Ресей билігі биыл мұнайға орташа баға баррельіне 50 доллар болады деп күтуде.
22:10, 20 Тамыз 2015
Ресейде доллар мен еуро жарты жылдық максимумды жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар мұнай бағасының құлдырауы есебінен рубльдің құнсыздануын болжауда. Мәскеулік биржада еуро бағамы ақпаннан бастап алғаш рет 75 рубль белгісін еңсерді. Бұдан бұрын доллар бағамы 67 рубльден асып, жарты жылдық максимумға жетті, деп хабарлады Би-би-си.