Ресейде Эбола безгегін жұқтырды деген күдікпен туристер ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Комсомольске-на-Амуре жерінде Эбола безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 9 айлық сәби мен оның анасы ауруханаға жатқызылды.

Олардың екеуі де қазір індет таралып тұрған Нигериядан келген. Бұл туралы Хабаровск өлкесінің денсаулық сақтау министрі Александр Витько мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Министрдің айтуынша, олар ауруханаға баланың қызуы көтерілгендіктен жатқызылған. Анасы мен баласынан да анализдер алынды, қазір олар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Анализ нәтижелері 21 қазан күні белгілі болады.

ДДСҰ 17 қазандағы мәліметіне сәйкес 2014 жылғы наурыз айынан бері Эбола безгегін 9 мың 191 адам жұқтырған, ал 4 мың 546 адам осы індеттен көз жұмған.